Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2022
"Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 934 Қаулысы       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 6 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес 
1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-1-жолмен толықтырылсын:
«69-1. «Академик Ш.Ш. Шокин атындағы Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi