Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 96 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 14 ақпандағы
 № 133 қаулысымен
 бекітілген
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық тізілім арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2013 жылғы № 706 Қаулысымен (14.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1363 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.05.2014 жылғы № 602 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық тізілім арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін міндетті түрде пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді және (немесе) ұзақ мерзімді бағдарламаларында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың уәкілетті адамдарының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар немесе олардың уәкілетті адамдары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін тартатын мердігерлерінің ТЖҚ сатып алу тәртібін айқындайды.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алуға байланысты тапсырыс берушілердің сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ТЖҚ-ны сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті адамы;
2) сатып алу – келісімшарттық міндеттемелерді және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен жүзеге асырылатын, келісімшартта жанама ретінде көзделген қызметті орындау үшін қажетті жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны меншікті қаражат есебінен сатып алу;
3) әлеуетті жеткізушінің аффилиирленген адамы – шешімдерді айқындау және (немесе) осы әлеуетті жеткізуші қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне әсер етуге құқылы кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ оған қатысты осы әлеуетті жеткізуші осындай құқыққа ие кез келген жеке немесе заңды тұлға;
4) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілмен ТЖҚ-ны сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде тізіліммен қалыптастырылған код;
Полная версия
ИС BestProfi