Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015
Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 95 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
«Кешенді экологиялық рұқсаттар беру қағидаларын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 23.01.2015 жылғы № 37 бұйрығын қараңыз
Редакция 03.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі; 
2) Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы»4 ақпандағы
 N 95 қаулысымен
 бекітілген
Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі 
1. Осы Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және табиғат пайдаланушыларға кешенді экологиялық рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді.
2. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушының қоршаған ортаға эмиссияларды ең озық қолжетімді технологияларды енгізу және эмиссиялардың техникалық нормативтерін сақтау шартымен жүзеге асыру құқығын куәландыратын бірден-бір құжат болып табылады.
3. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуді және табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруды көздейтін ең озық технологияларды енгізуді жоспарлаған жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың орнына беріледі.
4. Кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілетін ең озық қолжетімді технологиялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ең озық технологиялардың тізбесіне сәйкес болуы тиіс.
5. Эмиссиялардың тиісті нормативтері және табиғат пайдалану шарттары кешенді экологиялық рұқсатта ағымдағы жағдайға (өтінім беру сәтіне) және ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне көрсетіледі.
6. Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушы жүзеге асыратын өндірістік үдерістің түрі бойынша техникалық үлестік нормативтер бекітілген жағдайда, кешенді экологиялық рұқсатта оларға қол жеткізу жөніндегі шарттар белгіленеді.
2. Кешенді экологиялық рұқсаттар беру тәртібі 
7. Кешенді экологиялық рұқсат алу үшін табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мына құжаттарды қоса бере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім береді: 
1) қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі бөліммен көзделіп отырған қызметтің жобасына және техникалық үлестік нормативтерді қамтитын эмиссиялар нормативтерінің жобасына мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындыларының көшірмелері; 
Полная версия
ИС BestProfi