Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.12.2008
Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 84
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 Қаулысымен.
Редакция 16.03.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң  234-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесi бекiтiлсiн. 
2. "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың,  оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық  бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы  бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария)  техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378  қаулысына  Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде: 
дiң екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiленген нысан бойынша жасалған," деген сөздер алынып тасталсын.
3.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.09.2002. № 1071 қаулысымен. (23.01.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 23 қаңтардағы
 N 84 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды  
              қосылған құн салығынан босату ережесi 
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001  жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (бұдан әрi - Кодекс)  234-бабының  2-тармағына сәйкес әзiрлендi және тауарлардың импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн айқындайды. 
Осы Ереженiң күшi Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарлар әкелудi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - заңды және жеке тұлғалар) қолданылады. 
2. Осы Ережемен көзделген тиiстi құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден органына беру кезiнде тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
3. Қайырымдылық көмек ретiнде әкелiнетiн тауарлар импорты кезiнде акцизделетiндерiн қоспағанда, мынадай құжаттар: 
1) көлiктiк және/немесе тауарға iлеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық көмек ретiнде тауар әкелу туралы дипломатиялық немесе оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң растауы;
2) құжаттар, оның iшiнде тауарларды тегiн беру фактiсiн растайтын шетел тiлдерiнде жасалған құжаттар; 
3) осы Ережеге 1-қосымшада белгiленген нысан бойынша толтырылатын халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға арналған тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мiндеттемесi берiледi.
Полная версия
ИС BestProfi