«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 906 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 906 қаулысымен бекітілген
Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган – тауарлық және сұйытылған газ экспорты мен импортын мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3. Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру көлемінің;
2) тауарлық газдытасымалдау және сақтау көлемінің;
3) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу, оның ішінде олардың экспорты мен импорты көлемінің;
4) Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың көтерме сауда бағаларының;
5) Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық және сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларының;
6) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерінің мониторингін қамтитын тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингін жүзеге асырады.
Полная версия