Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 01 қыркүйектегі N 558 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6518 болып енгізілді
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 265) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы бекiтілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының 2007 жылғы 15 ақпандағы № 67 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4583 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2007 жыл, наурыз) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж. Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы
Тақырыбы жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 265) тармақшасына сәйкес аумақтарды ұйымдастыру мен республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алуан түрлерінің жұмыс істеуі жөнінде негізделген шешімдер қабылдау мақсатында әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылып немесе кеңейтіліп отырған орталық немесе облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың техникалық тапсырмалары бойынша мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары екі кезеңде жүргізеді.
2-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
3. Бірінші кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы (бұдан әрі - жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы) әзірленеді.
3-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
4. Екінші кезеңде уәкілетті орган бекіткен немесе онымен келісілген жаратылыстану-ғылыми негіздеменің негізінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негiздеменің, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету жобасы (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеменің жобасы) әзірленеді.
4-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
5. Техникалық-экономикалық негіздеменің жобасы жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
6. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады және оларды уәкілетті орган 30 күнтізбелік күн ішінде бекітеді.
6-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
6-1. Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын аумақтар жеріне ауыстыру үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларын әзірлеу талап етілмейді.
Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 01.12.2022 жылғы № 728 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)