Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1310 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 777 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2015 жылғы № 638 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 607-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесінде: 
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Азамат құжаты жоғалғандығы туралы ақпаратты мерзімді баспасөз басылымында орналастырғаннан кейін құжаттың телнұсқасын беру туралы шешімді білім беру ұйымының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қабылдайды.". 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 26 мамырдағы
 N 777 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
 N 1310 қаулысымен
 бекітілген
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары 
1. Куәлік, аттестат, диплом қорытынды аттестаттаудан өткендігі туралы куәландыратын және академиялық дәрежені тағайындап және (немесе) біліктілікті бере отырып, білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады. 
1) көлемі 224x160 мм қатты мұқабадан (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - 320x125 мм); 
2) көлемі 210x150 мм қосымша беттен (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - 310x110 мм); 
2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжат үшін - көгілдір түстен; 
Полная версия
ИС BestProfi