Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
"Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 668 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 99-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 24 мамырдағы
 № 668 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 20 ақпандағы
 № 175 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азық қоспаларын байқаудан өткізу – азық қоспаларының биологиялық қасиеттерін, оларды ветеринариялық практикада пайдалану тиімділігін, олардың әсер ету салдарларының болмауын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін анықтау мақсатында зертханалық немесе өндірістік жағдайда өткізілетін сынақтар;
2) азық қоспаларының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі- уәкілетті орган) шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген азық қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
3) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу – уәкілетті органның азық қоспалары сараптамасының, оларды байқаудан өткізудің және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тізілімге енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі;
4) азық қоспаларын тіркеу сынақтары – азық қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстер, әдiстемелер кешенi;
Полная версия
ИС BestProfi