Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Аралық соттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 883 қаулысы
"Аралық соттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
Аралық соттар туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аралық соттары мен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық аралық соттардың құрылу тәртiбi мен қызметiн, сондай-ақ шетел мемлекетiнде шығарылған аралық соттар шешiмдерiнiң орындалу тәртiбiн реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, заңды және жеке тұлғалармен, жеке кәсiпкерлермен азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын дауларға қатысты қолданылады.
2-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) аралық сот - осы Заңға сәйкес азаматтық-құқықтық шарттың тараптары өтiнiш білдiре алатын осы Заңда белгіленген тәртiппен құрылған орган;
2) халықаралық аралық сот - нақты заңды тұлға жанынан құрылған тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық аралық сот немесе белгiлi бiр дауды шешу үшiн тараптар құрған халықаралық аралық сот;
3) аралық судья - аралық сотта дауларды шешу үшiн тараптармен келiсiлген тәртiппен осы Заңның нормаларына сәйкес тараптар сайлаған немесе тағайындаған жеке тұлға;
4) аралық талқылау - аралық сотта дауларды қарау және аралық соттың шешiм қабылдау процесi;
5) аралық келiсiм - туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы шартқа тараптардың жазбаша келiсiмi;
6) аралық соттың регламентi - белгiленген тәртiппен бекiтiлген аралық сот қызметiнiң рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн реттейтiн ережелердi қамтитын тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентi;
7) құзыреттi сот - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiрiншi саты бойынша тараптар арасындағы тиiстi шарттың даулары туралы iстi қарауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;
Полная версия

