Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.05.2014
Мемлекеттік қызметтердің регламентерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 213 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 мамырда № 7670 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 9 қарашадан бастап ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2014 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңның 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (М.Т. Бейсембаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
_________________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2012 жылғы 16 сәуірдегі
 № 213 бұйрығына 1-қосымша
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Осы «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады:
1) бухгалтерлердің кәсіби ұйымы (бұдан әрі – кәсіби ұйымы) – бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдардың бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
3) Комитет - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті;
4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және жауапты лауазымды тұлғалары, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғалары;
5) мемлекеттік қызмет - бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру;
Полная версия
ИС BestProfi