Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 292-ө Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 3-тармағын, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық акті тізбесінің 57-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 281 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6314 болып енгізілді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (12.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Редакция 27.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (12.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы
Жоспардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (12.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 20.04.2020 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (14.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген.
2-тарау. Шоттар жоспары
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 20.04.2020 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (14.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Шоттар жоспары қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
3. Шоттар жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Шоттар жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған және нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан – қосалқы шоттарға тиісті.
3-тарау. Шоттар жоспарының бөлімдері
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 20.04.2020 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (14.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Шоттар жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:
1 бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»;
2 бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»;
3 бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;
4 бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;
Полная версия