Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларының 7 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.05.2013
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы № 365-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8201 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 15.05.2013 жылғы № 124-ө Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қосымшаға сәйкес Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысаны бекітілсін.
2. Төмен көміртекті даму департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 365-ө бұйрығына қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін ӨТІНІШ
1. Табиғатты пайдаланушының атауы | |
2. Жалпы мәліметтер: 2.1. Заңды мекенжайы 2.2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) 2.3. Байланыс телефоны, факс, электрондық пошта | |
3. Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономика секторы (атауы мен коды) | |
4. Парниктік газдар шығарындыларына сұралатын квоталар көлемі: 4.1. Ұлттық жоспардан 4.2. Ұлттық жоспардың квота көлемі қорының (жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін) 4.3. Барлығы | ___________________________ тонна ___________________________ тонна ___________________________ тонна |
5. Парниктік газдар шығарындыларына квотаны алу үшін көзі | |
6. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі | 20____ жылға |
7. Өтінімге келесі құжаттар қоса ұсынылады: | 1) есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп 2) қондырғының паспорты 3) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бағдарламасы 4) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары |
Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапкершілікте болады.
Кәсіпорынның басшысы
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр орны)
Полная версия