Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интеграциялық микросхемаға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі N 815 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес 
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 18 қыркүйектегі
 N 815 қаулысымен
 бекітілген
Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар мыналардың: 
1) есте сақтау көлемі кемінде 64 Кб ISO 14443 (А немесе В) халықаралық стандартына сәйкес келетін чиптің;
2) чиптен ақпаратты рұқсатсыз оқудан қорғаудың, (электрондық цифрлық қолтаңба, Basic Accesss Control және басқа);
3) цифрлық фотоны қоса алғанда, көрініс деректерін чипке жазудың;
4) биометриялық деректерді (саусақ таңбаларын) және электрондық цифрлық қолтаңбаны чипке жазу мүмкіндігінің;
5) ICAO стандарттарына сәйкес санау құрылғыларында паспортты санау мүмкіндігінің болуын қамтиды.
2. Жеке куәлікті және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхатын дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар мыналардың:
1) еске сақтау көлемі кемінде 64 Кб дуалді чиптің (екі интерфейсі бар бір чип);
2) чиптен ақпаратты рұқсатсыз оқудан қорғаудың (электрондық цифрлық қолтаңба, Basic Accesss Control және басқа);
3) цифрлық фотоны қоса алғанда, көрініс деректерін чипке жазудың;
4) биометриялық деректерді (саусақ таңбаларын) және электрондық цифрлық қолтаңбаны чипке жазу мүмкіндігінің;
5) ICAO стандарттарына сәйкес санау құрылғыларында жеке куәлікті санау мүмкіндігінің;
7) чипте криптограммалық қосарлы процессорлардың болуын қамтиды. 
Криптографиялық қайта өзгертулер алгоритмдері Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыратын орталығы пайдаланылатын алгоритмдермен сәйкес болуы тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi