Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2015
Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 маусымда № 7698 тіркелді
Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2015 жылғы № 831 және ҚР Сыртқы істер министрінің 17.11.2015 жылғы № 11-1-2/513 Бірлескен бұйрығына сәйкес
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес және Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру тәртібін айқындау мақсатындаБҰЙЫРАМЫЗ: 
1. Қоса беріліп отырған Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары Қағидаларды басшылыққа қабылдасын және оның талаптарын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін.
1) «Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртiптерiн қолдану және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көшi-қонының алдын алу және жолын кесу жөнiндегi iшкi iстер органдарының жедел-қызметтiк жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi № 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 08-1/93, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 35-П бiрлескен бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2889 болып тіркелген);
2) «Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртiптерiн қолдану және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көшi-қонының алдын алу және жолын кесу жөнiндегi iшкi iстер органдарының жедел-қызметтiк жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi № 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 08-1/93, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 35-П бiрлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2007 жылғы 25 мамырдағы № 216, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2007 жылғы 18 маусымдағы № 08-1-1-1/186, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 145-П бiрлескен бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4851 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жүктелсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының                   Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі                         Сыртқы істер министрі 
 _______________Қ. Қасымов                   _____________Е. Қазыханов 
Полная версия
ИС BestProfi