1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 01.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген
«Өнімділік 2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның «Өнімділік 2020» бағдарламасы атауы
Әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-
негіздеме инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі
- Мемлекеттік бағдарлама)
Әзірлеуші Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Бағдарламаның Экономиканың басым секторларында мақсаты еңбек өнімділігін арттыру жолымен өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Полная версия