Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 573 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 17.08.2019 жылғы № 120 Жарлығына сәйкес
2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері
1. Осы Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 27.01.2012 жылғы № 257 Жарлығымен (12.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін айқындайды.
2. Қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның басшысы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келіскені туралы ақпаратты, сондай-ақ ұсынылып отырған тағайындаудың немесе босатудың себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын қызметке тағайындау үшін кандидатураны немесе қызметтен босату туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.02.2018 жылғы № 643 Жарлығына сәйкес (29.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын қызметке тағайындау үшін ұсынылып отырған кандидатура немесе қызметтен босату туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына тиісті ұсыныс енгізіледі.
Лауазымға тағайындау туралы ұсыныста мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидаттың қысқаша іскерлік және жеке қасиетінің мінездемесі беріледі.
6. Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысының алғашқы аттестаттаудан өтуі оның қызметке тағайындалған күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін өткізіледі.
Мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын аттестаттаудан өткізуді аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүргізеді. Комиссияның құрамын қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік орган бекітеді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
8. Комиссияның отырысында мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары туралы қысқаша есебі және жоғары оқу орнының перспективаға арналған қызмет бағдарламасы тыңдалады.
10. Комиссияның атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдауы аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады және атқаратын лауазымынан босатуға ұсыныс енгізу үшін негіз болады.
11. Қайта аттестаттау осы Ережелерде айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген сәттен бастап алты айдан кейін өткізіледі. Комиссия қайта аттестаттауды жүргізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
13. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссия төрағасы қол қояды және мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының аттестаттау парағына және қызмет ету тізіміне енгізіледі.
14. Комиссия атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдаған жағдайда хаттама қызметтен босату туралы ұсыныспен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жіберіледі.