Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.03.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 Қаулысы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша ай сайынғы есептің негізінде салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырсын; 
2) салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің тетігін белгілесін.
Полная версия
ИС BestProfi