«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес «Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 187 Бұйрығын қараңыз
Редакция 25.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекiтiлсiн.
2. «Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қазандағы № 973 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 40, 455-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 қаулысымен бекітілген
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және сертификаттар беру тәртібін анықтайды.
2. Азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының сыныпталған әуеайлақтары (тікұшақ айлақтары) сертификаттауға жатады.
3. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган);
2) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) оларды пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат (бұдан әрі – сертификат);
3) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы – Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттің әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды меншік құқығында не өзге заңды негіздерде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғасы. Халықаралық әуежайдың пайдаланушысы тек заңды тұлға ғана бола алады;
4) өтінім – өтініш берушінің сертификаттық тексеру рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтініші;
5) өтініш беруші – сертификат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия