Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 23 тамыздағы
 № 1080 қаулысымен
 бекітілген
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы № 292 Қаулысына сәйкес (13.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2016 жылы № 96 (28824) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.08.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және орта білімнен кейінгі білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.  
Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2.Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
2) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;
3) оқу жоспарының моделі – орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін көрсететін оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
4) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
5) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;
7) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпылама параметрлерін (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі;
8) білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;  
9) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
10) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыстың түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;  
11) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
12) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні (модулі) үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
13) үлгілік оқу жоспары – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;
Полная версия
ИС BestProfi