"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 21.10.2014
Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 9 тамыздағы № 08-3/465 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 қыркүйекте № 7160 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 21 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2014 жылғы № 7-1/374 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру";
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру";
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру";
4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру" ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері бекітілсін.
2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндеттерін
атқарушы С. Хасенов
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 08-3/465 бұйрығына 1-қосымша
"Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрі – аумақтық инспекция) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (бұдан әрі – инспектор) ұсынады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет:
1) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасының, 4-тармағының 2) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасының;
2) "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысы (бұдан әрі – Стандарт);
Полная версия