Близость слов: Окончание:





«Ертіс» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы», «Жетісу» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамдары қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумдарды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы N 392 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2018 жылғы № 818 Қаулысына сәйкес (15.08.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 30.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Ертіс", "Жетісу" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2018 жылғы № 818 Қаулысына сәйкес (15.08.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;
2) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 19 мамырдағы
 N 392 қаулысымен
 бекітілген
«Epтic» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
Меморандум өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2008 № 576 Қаулысымен. (19.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Меморандум өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.08.2008 № 752 Қаулысымен. (11.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Меморандум жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2018 жылғы № 818 Қаулысына сәйкес (15.08.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Ертіс» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – «Ертіс» ӘКК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ертіс» ӘКК» АҚ-ға:
жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;
инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;
пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;
мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;
акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.
Полная версия
ИС BestProfi