1. Қоса берiлiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.09.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Карантиндiк объектiлер және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 Қаулысы
"Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңын және "Өсiмдiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) Қарсы күрес жүргiзу iсi республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесi;
2) Ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 13 тамыздағы N 697 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 32, 372-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 қаулысымен бекiтiлген
Қарсы күрес жүргiзу iсi республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесi Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндiк маңызы бар, өсiмдiктер зиянкестерi, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.11.2005 № 1157, 13.06.2007 № 488, 13.05.2008 № 449 Қаулыларымен. (23.11.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
А. Өсiмдiктер зиянкестерi
Anoplophora glabripennis Motschulsky
Callosobruchus analis L.
Spodoptera litura Fabr.
Liriomyza trifolii (Burg)
Premnotrypes spp.
Unaspis citri Comst.
Pantomorus leucoloma Boh.
Полная версия