Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 787 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы » 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы » 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі бекітілсін. 
2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 28 мамырдағы
 N 787 қаулысымен
 бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы » 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы » 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленді. 
Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық  холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар Үлгі ереженің негізінде Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесін (бұдан әрі - Сатып алу ережесі) әзірлейді және бекітеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.10.2011 № 1141 Қаулысымен. (05.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: 
1) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум); 
2) қазақстандық қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық қамту үлесі (үлестері) құнынан пайыздық мәні;
3) отандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер - Қазақстан Республикасының жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 
4) отандық кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер; 
5) отандық тауар өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және мыналарды: 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 5-тармағында санамаланған, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды; 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 7-тармағында белгіленген жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 
Полная версия
ИС BestProfi