Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 742 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес
1. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да коп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында санамаланған» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 5-тармағында санамаланған» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 7-тармағында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Астана қаласында жаңа мешіт салу жөніндегі жобалау компаниясы» корпоративтік қорының демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен Астана қаласында жаңа мешітті салу құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия