Близость слов: Окончание:





Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 2 нормативтік қаулысы
Құжат мәтініндегі «АІЖК», «қадағалау», «тиісті қада­ға­лау», «шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қоз­ғау туралы», «сот қадағалауы тәрті­бімен» сөздері «АПК», «кас­са­циялық», «өтінішті іспен бірге касса­циялық сатының сот отырысының қарауы­на беру туралы», «кассациялық тәртіп­пен» сөздерімен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тақырып өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (20.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «талапкерлер», «талапты», «Кассациялық сатысындағы сот», «кассациялық сатысындағы сот», «кассациялық сатысының соты», деген сөздер тиісінше «талап қоюшылар», «талап қоюды», «Кассациялық сатыдағы сот», «кассациялық сатыдағы сот», «кассациялық сатының соты» сөздерімен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысына сәйкес (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 07.10.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі — АПК) кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Кіріспе өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Заңдылық принципіне және әділеттілік пен парасат өлшемдеріне жауап беретін сот актісін (шешімді, ұйғарымды, қаулыларды, сот бұйрығын) шығару мақсатында әрбір азаматтық істі қарау кезінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтаудың қажеттілігіне соттардың назары аударылсын.
2. АПК-нің 148-бабына сәйкес, талапкерлер талап арыздарында тек талаптарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге олардың құқықтарының, бостандықтарының немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәнін, өз талаптарын негіздеген мән-жайларды жан-жақтылы баяндауға, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұнын келтіруге міндетті.
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Прокурордың мемлекеттің немесе қоғамның не азаматтың мүддесін көздеп қойған талаптары АПК-нің 148-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
АПК-нің 151, 152, 272, 273, 277, 279-баптарында көзделген талап қоюды қабылдаудан бас тартудың не талап қоюды талап қоюшыға қайтарудың немесе қараусыз қалдырудың, ал қозғалған азаматтық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың не қысқартудың негіздері түпкілікті болып табылады.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақ алынып тасталды ҚР Жоғарғы Сотының 19.01.2018 жылғы № 2 Нормативтік Қаулысымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2018 жылы № 20 (28649) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. АПК-нің 47-бабының екінші бөлігіне сәйкес, заңнамалық актілермен көзделген жағдайларда заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар да іс бойынша тараптар бола алады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларды (компанияларды, фирмаларды, кәсіпорындарды және т.б.) шетелдік ұйымдар деп түсіну қажет. Қазақстан Республикасының аумағында оның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік инвесторға толығымен тиесілі кәсіпорындар мен бірлескен кәсіпорындар шетелдік ұйымдар болып табылмайды.
Ескерту. АПК-нің 27-ден бастап 29-ды қоса алғандағы тараулары 2020 жылғы 29 маусымдағы № 351-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді).
7. АПК-нің 34-бабының екінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, істерді бір соттың іс жүргізуінен екінші соттың іс жүргізуіне беру заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде жүргізіледі. Тараптардың осындай ұйғарымдарға жазған жеке шағымдарын, прокурордың өтінішхатын апелляциялық сатыдағы сот қарайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
7-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
АПК-нің 34-бабының екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген негіз болған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен, істі нақтылы бір соттың қарауына беру туралы жеке-дара ұйғарым шығарады.
Соттар арасында нақтылы істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен және соттың істі басқа соттың өндірісіне жіберу туралы ұйғарымын бұзбай, істің нақтылы қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады. 
Апелляциялық саты сотының ұйғарымы және жоғары тұрған соттың судьясының істің қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарымы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды.
8. Сотта талапкерлер мен жауапкерлердің мүдделерін олардың заңды өкілдері және сенімхатта көрсетілген адамдар (тапсырма бойынша өкілдік алғандар) білдіре алады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 жылғы № 1 Қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өкілдің сенімхатында АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігінде көзделген процессуалдық іс-әрекеттердің ішінен өкілдің сотта сенім білдірушінің атынан жасайтын іс-әрекеттері көрсетілуге тиіс.
Егер өкілге берілген сенімхатта оның нақтылы өкілеттіктері көрсетілмесе, онда өкіл АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігіне сәйкес берілуге тиіс өкілеттіктерден басқа процессуалдық іс-әрекеттерді жасауға (іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, өтініштер білдіруге, даудың мәні бойынша түсіндірмелер беруге және т.б.) құқылы.
Полная версия
ИС BestProfi