Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.05.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнаулы киім үлгілерін және оны кию қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1153 Қаулысы
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнаулы киім үлгілері;
2) Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнаулы киім кию қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 қазандағы
 № 1153 қаулысымен
 бекітілген
Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнаулы киім үлгілері
1. Жазғы арнаулы киім (1, 2, 3, 4, 7, 9-суреттер):
бейсболка немесе сұр (сұрғылт) түсті кепи;
сұр (сұрғылт) түсті қысқартылған күрте;
көгілдір немесе ақ түсті трикотаж футболка;
сұр (сұрғылт) түсті, бітімінің төменгі жағы тарылған шалбар;
Полная версия
ИС BestProfi