«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 51) тармақшасына және 107-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.08.2022
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау талаптарын және қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.08.2022 жылғы № 571 Қаулысына сәйкес «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 332 Бұйрығын қараңыз
Редакция 11.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысымен (18.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2015 жылы № 189 (28667) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 қаулысымен бекітілген
Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау талаптары
Талаптар күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысымен (18.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2015 жылы № 189 (28667) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № қаулысымен бекітілген
Қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар 1. Жалпы ережелер
1. Осы қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 107-бабына сәйкес әзірленді және қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы талаптар қарап тексеру кезінде әуежай АҚҚ қолданатын техникалық құралдарға таралады.
2. Осы талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар – жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттағы қорды, әуе кемелері экипаждарының мүшелерін, авиациялық персоналды қарап тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғы;
2) рентгендік-телевизия қондырғысы – металл заттарды көзбен шолып сәйкестендіруге арналған техникалық құрылғы;
3) стационарлық металл іздегіш – адам денесіндегі металл заттарды анықтауға арналған техникалық құрылғы;
4) портативті (ықшам, жылжымалы) металл іздегіш – адам денесіндегі металл заттың нақты орналасқан жерін анықтауға арналған техникалық құрылғы;
5) жарылғыш заттарды табуға арналған жабдық (жарылғыш заттардың бу детекторлары) – жарылғыш заттардың буын немесе микробөлшектерін анықтауға арналған техникалық құрылғы.
2. Қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар
3. Стационарлық металл іздегіштер:
1) адам денесіндегі және оның киіміндегі әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған металл заттарды табуға мүмкіндік беруге тиіс, бұл ретте жалпы салмағы 100 грамнан аспайтын өзі пайдаланатын металл заттарға жалған іске қосылу мүмкіндігі бар;
2) тыйым салынған металл зат болғанда автоматты жарықпен және дыбыспен сигнал беруге, орнатылған табу параметрлерінің санкцияланбаған өзгерісін болдырмауға тиіс, оның электрондық бұйым схемасы дабыл сигналы сөнгеннен кейін 3 секундтан соң автоматты түрде бастапқы қалпына келуге тиіс (дабыл белгісінің аяқталуы қондырғының жұмысқа әзір екендігін білдіруге тиіс), жұмыс режиміне шығу уақыты желіге қосылғаннан кейін 30 секундтан аспауға тиіс;
3) датчиктердің блоктары арасындағы қашықтық 1 м болғанда жоспардағы жұмыста бір бірінен 3-тен 8 м-ге дейін арақашықтықта бір желіде орнатылған саны 2-ден 4 данаға дейін ұқсас құрылғылар тобының құрамында қазіргі заманғы әуежайлардың электромагнитті жағдайлар шарттарында рентген-телевизия қондырғылары мен бірге қалыпты жұмысты қамтамасыз етуі тиіс;
4) тәулік бойы режимде жұмыс істеген кезде барлық талаптарға сәйкес болуға тиіс, істен шығуға дейін жұмыс істеу – кемінде 6000 сағат, регламенттік жұмыстар уақыты – пайдалану уақытының кемінде 5%-ы, кепілдік берілген пайдалану мерзімі – пайдалануға берілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл;
5) пайдалану орнында диагностика мен жөндеуді жүргізуге мүмкіндік беруге, диагностика әдістерімен бірге Бұйымды пайдалану және оның толық техникалық сипаттамасы жөніндегі нұсқаулықтан тұратын оның қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын, жарамды жай-күйін және жөнделуін қолдау үшін жеткілікті құжаттамамен жабдықталуға тиіс;
6) биіктігі кемінде 2 метр және ені 0,76 метр ойығы бар арқасы, шолу және реттелетін дыбыс сигналы, сондай-ақ құбылмалы жағдайларға байланысты сезімгіштік деңгейін өзгерту мүмкіндігі болуға тиіс.
4. Портативті (ықшам) және жылжымалы металл іздегіштер:
1) қондырғыны ауыстыру жылдамдығы секундына 0,2 – 0,5 метр болған кезде 0,12 – 0,15 метр қашықтықтағы металл заттарды табуды қамтамасыз етуге (мөлшері 100х100х1 милиметр болат пластинка), металл зат болғанда дыбыстық сигнал беруге, қазіргі заманғы әуежайлардың электромагнитті жағдайлары шартында қалыпты жұмысты қамтамасыз етуге;
2) пайдалануға берілген сәттен бастап кемінде 1 жыл кепілдік берілген пайдалану мерзімі, орташа қызмет мерзімі – кемінде 3 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
3) пайдалану орнында диагностика және жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруге;
4) автономды қорек көзінен жұмыс істеу кезінде бұйым қоректену көздерінің 60 % разрядталған кезде (кернеуі бойынша) табу сипаттамаларын сақтауға, кемінде 10 сағат автономды қорек көзінен бұйымның үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығын қамтамасыз етуге тиіс.
5. Рентген-телевизия қондырғысы:
1) металл және металл емес атыс қаруын, оның бөлшектерін, барлық калибрдегі оқ-дәріні, гранаталарды және басқа да жарқыншақты/жарылғыш әсері бар қару түрлерін, пышақтарды, келдекті, қылыштарды, әскери және коммерциялық мақсаттағы жарылғыш заттарды, детонаторларды және сағатпен жүретін механизмдерді, электр және электронды бұйымдарды, электр энергиясы көздерін анықтауға;
2) пайдалану режимінде рентгендік сәулелену генераторының сипаттамалары мен көрініс сапасы мынадай:
ену қабілеті – болат бойынша 27 миллиметр;
рұқсат берілетін қабілеті – 0,1 миллиметр;
анодты кернеу: номиналды – 160 киловатт, жұмыс істеу – 140 киловатт;
түтікше тогы - 0,7 миллиампер болуға;
мәжбүрлі желдеткіші бар герметикалы май ваннасында түтікше сууға;
3) «Жоғары ену қабілеті» опциясын пайдалану кезінде ең жоғары режимде рентгендік сәулелену генераторының сипаттамалары мен көрініс сапасы мынадай:
ену қабілеті: 35 миллиметр;
рұқсат берілетін қабілеті: 0,1 миллиметр;
анодты кернеу: 160 киловатт - атаулы, жұмыс - 140 киловатт;
түтікше тогы - 0,7 милиампер болуға;
сәулеленудің азаюының үлгілік деңгейі сағатына 0,1 микрорентгеннен аспайды;
4) рентген-телевизия қондырғысы конвейерінің жылдамдығы кемінде секундына 0,15 метр болуға;
5) пайдалануға берілген сәтінен бастап кемінде 1 жыл кепілдік берілген пайдалану мерзімінің, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
6) пайдалану орнында диагностика және жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруге;
7) рентгендік сәулеленуді қосуда жарықен сигнал беруге, қорғау экрандарының тұтастығы бұзылған кезде рентгендік сәулеленуді ажыратуды және пайдалану жүктемесі асып кеткен және жарамсыз жағдайда электр тогын беруді тоқтатуды қамтамасыз ететін блоктағышы болуға;
8) кинофотоматериалдарды, электрондық тасығыштарды ентген-телевизия қондырғысының жұмыс аймағы арқылы он еселенген өткізу кезінде рентген-телевизия қондырғысындағы сәулеленудің олардың тұтастығын бұзуға мүмкіндік бермейтін деңгейі болуға;
9) рентген жабдығының сыртқы панельдерінен 5 сантиметр арақашықтықта рентгендік сәулелену дозасының қуат деңгейі секундына 0,03 рентгеннен аспауға, жұмыс істеп тұрған рентген жабдығының шуылдау деңгейі 60 децибельден аспауға;
10) рентген жабдығының конструкциясы рентгендік сәулеленудің әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
6. Жарылғыш заттарды табуға арналған жабдық (жарылғыш заттардың бу детекторлары):
1) бұйыммен жұмыс істеуге арналған жарылғыш заттарды табу бойынша сезімталдығы бір текше сантиметрге 1x10-14 граммнан кем болмауға тиіс, бірақ бұл ретте жарылғыш заттардың жұбын талдау циклінің уақыты – 60 секундтан аспайды, жарылғыш заттар жұбының болуына бұйымның жұмыс істеу уақыты – 5 секундтан аспайды, іріктеудің келесі цикліне дайындық уақыты – 30 секундтан аспайды, жұмыс режиміне шығу уақыты қосылғаннан кейін 35 минуттан аспауға;
2) желілік қоректену блогынан да, кернеуі 9–12 вольт автономды қоректен (батарея, аккумулятор) де жұмыс істеуге тиіс;
3) операторға тәуелсіз жұмыс істейтін сигнал беру жүйесі болуға, бұл ретте дабылдың дыбыстық сигналының деңгейі қазіргі заманғы әуежайлардың шуылының аясында жақсы ажыратылуға, қоректену көздері 70 % разрядталған кезде (кернеу бойынша) жұмыс істейтін автономды қорек көзі разрядының индикаторы болуға;
4) кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға енгізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
5) пайдалану орнында диагностика және жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруге;
6) пайдалану жүктемесі асып кеткен және жарамсыз болған жағдайда электр тогын беруді тоқтататын алдын ала қорғау жүйесінің, оны пайдалану процесінде жұмысқа қабілеттілігін бақылау құралы болуға;
7) тәулік бойы режимде жұмыс істеген кезде барлық талаптарға сәйкес болуы тиіс, істен шығуға дейін жұмыс істеу – кемінде 6000 сағат, регламентті жұмыстар уақыты пайдалану уақытының кемінде 5%, кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға берілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға тиіс.
7. Қарап тексеру кезінде қолданылатын барлық техникалық құралдар мынадай қауіпсіздік талаптарына сай болуға:
1) электр тогымен зақымдануды болдырмайтын қорғаныш тұйықталу контурын қамтуға;
2) электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) бұйымдарда қолданылатын материалдар адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуға тиіс.
Полная версия