Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.02.2012
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 134-IV Заңы
Осы Заң күшін жойды 21.02.2012 жылдан бастап ҚР 01.02.2012 жылғы № 550-IV Заңына сәйкес
Редакция 12.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Қордың тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) жанама иелену - заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) Қордың немесе компанияның үшінші тұлғалар арқылы иеленуі; 
2) компаниялар - ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар; 
3) Қордың тобы - Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, осы Заңда өздеріне қатысты арнаулы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар. 
кепілге салынған акцияларын (қатысу үлестерін) өткізу жөніндегі сауда-саттық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткізілмеді деп жарияланған кезде акциялары (қатысу үлестері) Қордың тобына кіретін банктің меншігіне келіп түскен заңды тұлғалар; 
банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың меншігіне келіп түскен банктер кірмейді; 
2-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 
3. Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Қордың тобына осы Заңда реттелмеген бөлігінде қолданылады. 
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбедегі компанияларға Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайды.
3-бап. Қордың мақсаттары мен міндеттері
Полная версия
ИС BestProfi