Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 Қаулысы
Осы редакция 28.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 1391 қаулысымен
 бекітілген
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы
1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және фильмге прокаттау куәлігін беру (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ прокаттау куәлігін алу мақсатында Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер, фестивальдерде, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілген) фильмдерді қоспағанда, Фильмдердің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Фильмдер тізілімі) тіркеледі.
3. Фильмге прокаттау куәлігі - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, индексі мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болатын құжат.
4. Прокаттау куәлігін мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) өзі бекітетін нысан бойынша береді.
5. Прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш. Өтініште міндетті түрде төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы;
Полная версия
ИС BestProfi