8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2009
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 16 мамыр N 394
Күші жойылды ҚР Президентінің 18.06.2009 № 829 Жарлығымен. (16.05.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар Стратегияның тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Стратегияны орындауды қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестіру Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы 1. Кіріспе Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) Қазақстан қоғамының гүлденуі, Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз ету тұрғысында әзірленді.
Стратегия нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Үкіметтің басым міндеті болып белгіленген ел Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларына жауап береді.
Онда Мемлекет басшысының 1999 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің 1999-2005 жылдарға арналған стратегиясында, 2000 жылғы 21 сәуірде Ташкентте Орта Азия Экономикалық Қауымдастығына қатысушы мемлекеттер басшылары қол қойған "Терроризмге, саяси және діни экстремизмге, ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа және Тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің өзге де қатерлеріне қарсы бірлескен іс-қимыл туралы шарттың" қағидаларында, 1999 жылғы 25 тамызда "Шанхай бестігі" мемлекеттерінің басшылары жария еткен Бішкек Декларациясында көрініс тапқан кейінгі бастамалары ескерілген.
Стратегия толығымен қазақстандықтардың қолдауынсыз мүмкін болмайтын және бұл проблеманың ауқымын мемлекеттік және қоғамдық тұрғыда түсінуді талап ететін нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің маңыздылығы айқын атап көрсетілген 1999 жылғы 14 желтоқсандағы "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" деп аталатын Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы ахуалға және есірткіге қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың болашағына берілген бағаға негізделген.
Стратегияның заңнамалық базасын "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының ережелері түзді. Стратегияны талдап жасау кезінде осы саладағы басқа да маңызды нормативтік құқықтық актілердің қағидалары ескерілді.
Стратегия мазмұнында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жасалып, 2005 жылдың аяғына дейінгі кезеңге есептелген, есірткінің заңсыз айналымын бақылау және ұйымдасқан қылмыс жөніндегі Іс-жоспардың іс-шаралары ескеріледі.
2. Проблеманың жай-күйін талдау Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің соңғы жылдары ерекше шиеленісе түскен проблемалары Азия мен Еуропада жүріп жатқан әскери-саяси және экономикалық сипаттағы ғаламдық процестерге де, түрлі елдердегі қылмыстық күштердің жеке әлеуметтік проблемаларды есірткімен заңсыз сауданың, діни фанатизм мен экстремизмнің, халықаралық терроризмнің өрістеуін арандату арқылы шешуге толассыз ұмтылуына да байланысты. Бұл тұрғыда ғаламдық қылмыстық жоспарларды іске асыруға қажетті экономикалық негіз жасап және жалпы әлемдік немесе аймақтық ауқымда есірткіні заңсыз өндіру мен тарату үшін дамушы елдерде басты әлеуметтік әрі шикізат базасын ұстап отырған халықаралық есірткі бизнесінің рөлі ерекше. Қазақстан бұл процестерден тыс қалмай ғана қойған жоқ, өзінің географикалық жағдайы, әлеуметтік және шикізаттық әлеуеті жөнінен тым тартымдылығымен де есірткіні заңсыз тарату мен оларды теріс пайдалану саласындағы жалпы әлемдік процестерге бой алдырды.
Соңғы онжылдық ішінде республикада есірткі мен психотроптық заттардың теріс пайдаланылуы әрі олардың заңсыз айналымы жаппай етек алды және экономиканың, құқық тәртібінің жай-күйіне, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалға, халықтың денсаулығы мен тектік қорына барған сайын кері әсер етуде. Есірткіні теріс пайдалануға байланысты денсаулық сақтау мекемелерінде бақылауда тұратын адамдардың жалпы саны 1991 жылдан бастап 5,4 есе көбейіп, 33 мың адамға жетті. Бұл ретте нашақорлық дертіне шалдығу 19 есе өсті. Кәмелетке толмағандар мен жастардың, сондай-ақ әйелдердің арасында есірткіні беймедициналық тұтынудың етек алуы ерекше аландаушылық туғызады. Есірткі тұтынушылардың үштен екісі дерлік - 30 жасқа дейінгі адамдар.
Есірткеге байланысты қылмыстылық жоғары қарқынмен өсіп келеді. 1991 жылдан бастап жалпы қылмыстылықтың 19,8%-ға төмендеуі аясында есірткіге байланысты қылмыстардың абсолюттік санының 4,3 есе өсуі орын алды. Бұл қылмыстардың үлесі болса 5,3 есе өсті және 1999 жылы 15,28%-ды құрады. Бұл ретте осы процестегі жастар мен әйелдердің рөлі басым болып келеді. Оның үстіне, елдегі қылмыстылықтың жай-күйіне нашақорлықтың тұрақты келеңсіз әсері жалғаса түсуде. Есірткіні теріс пайдалану пайдакүнемдік және пайдакүнемдік зорлық-зомбылық қылмыстарын жасауға неғұрлым жиі ұрындыруда. Жекелеген аймақтарда 60%-ға дейінгі ұрлық есірткі мен психотроптық заттарды теріс пайдаланудың негізінде жасалады. 90-шы жылдардың екінші жартысында республиканың жекелеген аймақтарын шарпыған ВИЧ-СПИД індеті де есірткіні теріс пайдаланудың зардабы.
Елде заңсыз есірткі рыногын құрылымдық жағынан қайта құру үдемелі түрде жалғасуда. Республикада бұрынғы дәстүрлі каннабис тобындағы есірткіні едәуір ығыстырған, құрамында есірткі мөлшері көп, "қатаң", неғұрлым қауіпті әрі қымбат тұратын контрабандалық апиын, героин, кокаин, синтетикалық есірткілер заңсыз айналымнан барған сайын жиі алынуда.
Республика халықаралық есірткі бизнесі өктемдігінің объектісіне айналуда, оған отандық есірткі пысықайлары мен олардың ұйымдасқан қылмыстық топтары тартылып отыр. Елге есірткіні контрабандалау мен оларды оның аумағында, сол сияқты одан тысқары жерлерге әрі қарай таратудың тұрақты арналары қалыптасуда. Қазақстан есірткіні Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен басқа да елдерден Ресейге, Шығыс және Батыс Еуропаға жеткізудің тұрақты "транзиттік дәлізіне" айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2000 жылғы 24 ақпанда Венада Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Бас Хатшысы Я. Кубишпен осы халықаралық ұйымның штаб пәтерінде кездесуінде атап айтқандай, шын мәнінде Орталық Азия елдерінің аумақтарында халықаралық есірткі бизнесінің өктемдігі орын алуда. Ал бұл - біздің мемлекеттеріміздің ұлттық қауіпсіздігіне және тұтастай алғанда аймақтың қауіпсіздігіне тікелей қатер болып табылады. Бұл ретте нақты заңдылық бар - аймақта халықаралық терроризмнің күрт жандануы есірткінің осы аумақ арқылы Еуропаға тасымалдануының артуына ықпал етеді.
Мемлекет ішіндегі және халықаралық есірткі бизнесінің ақшалай табыстарын республиканың экономикасын пайдалану арқылы жаппай "тазарту" қатері өсіп келеді.
Ахуалды талдау, нәтижеде, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат пен стратегияға сүйенген, жаңа қатерлер мен қауіптердің пайда болуының алдын алуға қабілетті, өзара байланысты барабар шаралардың кешенін іске асыруға негізделген, қазіргі заманғы болмыс пен мемлекеттің мүмкіндіктерін ескеретін мүлдем жаңа қадамдарды жүзеге асыруды талап етеді.
Аталған бағытта бұрын жүзеге асырылған шаралар нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесін жақсартуға, оны неғұрлым тиімді нормативтік құқықтық реттеуге ықпал етті, алайда реттеудің күллі нормативтік-құқықтық және ұйымдық-құрылымдық салалары есірткінің заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалану саласында болып жатқан ұшқыр өзгерістерді тиісінше ескермейтіндіктен, сайып келгенде мемлекет пен қоғамды есірткінің жайлауынан тиімді қорғауды қамтамасыз етуге қабілетсіз. Алғашқы және әзірге іске асырылған бірден бір үкіметтік мақсатты бағдарлама "Есірткінің теріс пайдаланылуы мен заңсыз таралуына қарсы іс-қимылдың 1997-1998 жылдарға арналған кешенді шаралары" көп ретте үстірт орындалды және 900 млн. теңгеден астам сомаға мүлдем қаржыландырылмағандықтан қажетті оң нәтижелерін бермеді.
1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысушы адамдардың жауаптылығын саралау тұрғысындағы оң өзгерістерге қарамастан, олардың іс-әрекетінде өткізу мақсатының болуы немесе болмауына қарай қылмыстық жазалаудың өткір жүзін есірткі таратушыларға қарай бұру орын алмады. Бұрынғыша, жекелеген аймақтарда сотталғандардың 9/10-ына дейінгісін есірткі тұтынушылардың өздері құрайды.
Мүдделі министрліктер мен ведомстволардың есірткіге қарсы бөлімшелері мен қызметтерін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қажетті нысаналы нығайту іс жүзінде жүзеге асырылған жоқ, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы қызметке қажет мамандарды оқыту, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі дамымаған күйде қалып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс негізінен 1997 жылдың көктемінен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткіні бақылау жөніндегі "Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес шараларын институционалдық нығайту және жақсарту" бағдарламасының жобасын іске асыру есебінен жүзеге асырылды, оған сәйкес құқық қорғау органдары 13 жеңіл автомобиль, компьютерлік техника және өзге де қажетті жабдықтар, есірткі мен психотроптық заттарды табуға арналған экспресс-сұрыптағыштарды алды, кейбір мүдделі министрліктер мен ведомстволар қызметкерлері бірқатар шет елдерде тағлымдамадан өтті. Алайда аталған жобаның, сол сияқты шет елдер тарапынан басқа да біржолғы техникалық көмектің мүмкіндіктері, жүйелі сипаттағы қажетті өзгерістерге жеткізе алмады және сол себепті тиімділігі аз болып қалып отыр.
Полная версия