«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 38) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 404 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 325 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 404 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағида Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету тәртібін, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды және өткізуді белгілейді, оған мыналар кіреді:
1) авариялық-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігін ұйымдастыру;
2) әуежай (әуеайлақ, әуеайлақ маңындағы аумақ) аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;
3) авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін әуежай қызметтері бөлімшелерінің үйлестірілген іс-қимылдарын, сондай-ақ олардың осы жұмыстарды жүргізу бойынша басқа да тиісті қызметтермен бірлескен іс-қимылдарын қамтамасыз ету;
4) авариялық-құтқару жасақтарын (топтарын) құралдармен және жарақтармен техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;
5) авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін мамандарды даярлау.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) авариялық-құтқару жұмыстары - апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелеріне уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені;
2) әуежай аумағы - әуежай күштерімен және құралдарымен авариялық-құтқару жұмыстары жүзеге асырылатын жер немесе су учаскелері.
4. Ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету әуежай аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен орындауға бағытталған.
Полная версия