Банкроттық - борышқордың-жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның өз кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға және борышқордың пассивтерi оның активтерiнен асып кетуi салдарынан салықтық және басқа мiндеттi төлемдердi төлеуге тұрақты қабiлетсiздiгi.
Внимание! Документ утратил силу с 21.01.1997
Заң күшi бар Банкроттық туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 7 сәуiр N 2173. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1997.01.21. N 68-I Заңымен.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және шаруашылық жүргiзушi субъектiнi банкрот деп жариялау мен оны тартудың негiздерiн, тәртiбiн және процедурасын, сондай-ақ қарызын өтей алмайтын борышқорды сауықтыруға бағытталған арнайы процедураларды тағайындау мен өткiзу тәртiбiн анықтау мақсатында осы Жарлықты шығарамын:
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Ұғымдардың анықтамасы
Активтер - шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң барлық негiзгi және айналым құрал-жабдығы құрамына кiретiн мүлкi.
Пассивтер - шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кредиторлық берешегiн қоса алғанда заемдық және тартылған қаражаттан тұратын мiндеттемелерi.
Банкрот - қарызын өтей алмайтындығы сот шешiмiмен расталған борышқор.
Қарызын өтей алмайтын борышқор - өз кредиторларының талаптарын қанағаттандыра алмайтын, банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданбаған борышқор.
Кредитор - борышқорға мүлiктiк талабы бар арнаулы мекемелердi қоса алғанда жеке немесе заңды тұлға.
Арнаулы мемлекеттiк мекемелер-акцияларының бақылау пакетi мемлекетте болатын мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар хақында қайта ұйымдастыру процедураларын жүзеге асыру үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес меншiк иесi құрған заңды тұлғалар.
Сенiм бiлдiрiлген басқарушы-сот шешiмiмен немесе борышқор (оның мүлкiнiң меншiк иесi) мен кредитордың (кредиторлардың) арасындағы шарт бойынша борышқордың мүлкiн сырттай басқару функциясы берiлетiн адам.
Қайта ұйымдастыру процедуралары-борышқордың тартылуына жол бермеу және сырттай басқаруды белгiлеу және (немесе) санация жүргiзу жолымен қызметiн жалғастыру мақсатында оның төлем қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған арнайы процедуралар.
Борышқор мүлкiн сырттай басқару-қарызын өтей алмайтын борышқордың мүлкiн басқару функциясын сенiм бiлдiрiлген басқарушыға беру арқылы оның қызметiн жалғастыруға бағытталған қайта ұйымдастыру процедурасы.
Санация - қарызын өтей алмайтын борышқорға қаржылық және материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiндегi қайта құру процедурасы.
Соттан тыс процедура - қарызын өтей алмайтын борышқор (оның мүлкiнiң меншiк иесi) мен кредитордың (кредиторлардың) арасында санация жүргiзу және (немесе) борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды белгiлеу туралы уағдаластыққа қол жеткiзiлетiн процедура.
Таратуды жүргiзу - банкротты таратуды және конкурс өткiзудi жүзеге асыру жөнiнде сот қозғайтын және тоқтататын процедура.
Тарату-қарызын өтей алмайтын борышқордың қызметiн тоқтату жөнiнде сот шешiмi бойынша жүзеге асырылатын процедура.
Конкурстық масса - конкурсты өткiзу барысында өндiрiп алынуы мүмкiн борышқордың мүлкi.
Конкурс өткiзу - тартылатын кәсiпорынның конкурстық массасын кредиторлар арасында бөлiсуге бағытталған процедура.
Полная версия