1. Қоса беріліп отырған:
Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2001
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 мамыр N 786.
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қару-жарақтарын, әскери техникасын және өзге де әскери мүліктерін сату және пайдаға асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1140 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-МИнистрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 786 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 2. Комиссияның міндеттері 3. Комиссияның міндеттері:
1) қару-жарақты, әскери техниканы, олардың қосалқы және жинақтаушы бұйымдарын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, оларды қысқарту барысында босатылатын, өзге де әскери мүлікті (оның ішінде ғимараттар, құрылыстар) (бұдан әрі - Мүлік) сату және қысқарту, сондай-ақ Мүлікті жалға беру және пайдаға асыру мәселелері жөнінде;
2) қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың бағдарламалары (жоспарлары) жөнінде;
3) қорғаныстық-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыру жөнінде;
4) пайдаланылмайтын және басы артық Мүлікті анықтау жөніндегі Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және басқа да мемлекеттік ұйымдардың іс-әрекетін үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде;
5) Мүлікті қысқарту, сату, жалға беру және пайдаға асыру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін қабылдау жөнінде; 6) сатылатын, қысқартылатын, пайдаға асырылатын және жалға берілетін Мүліктің ең төменгі құнын белгілеу жөнінде; 7) Мүліктің жалға берілгені үшін ең төменгі бағасын белгілеу жөнінде; 8) Мүлікті пайдалану мәселелеріне қатысты заңнаманы орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың, өзге де мемлекеттік органдардың және ұйымдардың орындауын бақылауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. 3. Комиссияның құрамы 4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Комиссия төрағасы болып табылады. 5. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 6. Жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жүктеледі.
7. Мәжілістің күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің мәжілісіне қатысушылардың жай көпшілік дауысымен қабылданады.
Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады.
Дауыстар тең бөлінген жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. 8. Комиссияның шешімдеріне Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды және олар ұсынымдық сипатта болады. 9. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқықтары бар, олар білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия мәжілісінің хаттамасына қоса берілуі тиіс. 10. Комиссияның хатшысы: 1) Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлейді, Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды; 2) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді. 4. Комиссияның негізгі құқықтары 11. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес: 1) орталық атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) оның міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық кесімдер жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) Комиссияның міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге;
4) Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
5) Мүлікті пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
6) босатылатын Мүлікті қысқарту, пайдаға асыру және сату процестерін реттеу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Премьер-Министріне ұсынуға құқылы.
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
12. Комиссия өз қызметін жүзеге асыру үшін:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссияның жұмысына қатысуға ғалымдар, мемлекеттік және басқа да ұйымдардың өкілдері ішінен сарапшылар мен консультанттарды тартады; 2) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастырады; 3) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, орталық атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттық, талдамалық, анықтамалық-статистикалық материалдарды алады; 4) Комиссияның мәжілістеріне Комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың және басқа да ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдерін шақырады және тыңдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 786 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның құрамы Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.2
1. N 1875 қаулысымен. Тілеубердин - Қазақстан Республикасының Премьер- Алтай Абылайұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға Сиқымов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Манас Қамардинұлы министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары Нұрғажин - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Сармантай Қабдошұлы министрлігі Қару-жарақ департаментінің бастығы, хатшы комиссия мүшелері: Ақпомбаев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Иманжүсіп Латкенұлы министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы Байғарин - Қазақстан Республикасы Энергетика, Бекболат Әбдіғалиұлы индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің төрағасы Жарасов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Жанат Абдоллаұлы комитетінің департамент бастығы Қазыханов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Ержан Қазейұлы министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Қощанова - Қазақстан Республикасы Әділет Жанаркүл Тоғызбайқызы министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары Наурызбаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Мақсат Сабырұлы министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Орынбеков Мүбәрәк - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Байланыс департаментінің бастығы Повеквечнов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер Сергей Иванович министрлігінің Ішкі әскерлер бас басқармасы бастығының орынбасары - бөлім бастығы Раханов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мақсұтбек Смағұлұлы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бахыт Тұрлыханұлы Бюджет департаменті директорының орынбасары Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Бағарова Ж.А.
Полная версия