Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 169 Бұйрығын қараңыз
Редакция 26.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1441 қаулысымен
бекітілген
Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасы
1. Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жауапкершілік аймағында ұсынылатын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидадағы талаптарды әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысатын азаматтық авиация кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының барлық лауазымды тұлғалары және авиациялық персоналы орындайды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
1) аэронавигациялық деректер - аэронавигациялық нақты деректерді, тұжырымдамаларды немесе нұсқаулықтарды байланыс, түсіндіру немесе өңдеу үшін ыңғайлы формальді тәртіппен баяндау;
2) ұшу алдындағы ақпарат бюллетені (бұдан әрі - РІВ) - ұшу алдында дайындалған, айрықша пайдаланылу маңызы бар ағымдағы NОТАМ ақпараты;
3) геоид толқыны (геоид биіктігі) - геоид беті мен математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид беті арасындағы қашықтық (оң немесе теріс мағына);
4) геоид - Жердің гравитациялық өрісіндегі теңіздің бекітілген орта деңгейі (МSL) мен оның материктер алып жатқан жалғасына сәйкес келетін баламалы әлеуетті беті. Жергілікті гравитациялық ауытқулардың салдарынан геоид пішіні дұрыс емес қалыптасқан, сондықтан ауыртпалық күшінің бағыты кез келген нүктеде геоид бетіне перпендикуляр;
5) Аэронавигациялық ақпарат жинағына қосымша (бұдан әрі - АІР) - АІР-тағы ақпаратқа енгізілетін және жеке парақтарда жарияланатын уақытша өзгерістер;
6) аймақтық навигация (RNAV) - әуе кемелеріне кез келген траектория бойынша радиомаяктік навигациялық құралдардың әрекет аймақтары шегінде және автономды құралдардың немесе олардың құрамдастырымдарының мүмкіндіктерімен анықталатын шектерінде ұшу жасауға мүмкіншілік беретін навигация әдісі.
7) ақпарат өнімі - деректер шоғыры немесе ақпарат өнімінің ерекшеліктеріне жауап беретін деректер шоғырының жиынтығы;
8) сапа - меншікті сипаттамалар жиынтығының қойылған талаптарды орындау дәрежесі;
Полная версия
ИС BestProfi