1. Орталық атқарушы органдардың басшылары бiр ай мерзiмде орталық атқарушы органдарды, олардың аумақтық бөлiмшелерiн және басқа да оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды тiркеудi (қайта тiркеудi) қамтамасыз етсiн.
Заңды тұлғаларды тiркеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 546 Өкімі
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 және "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн" (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1995 жылғы 30 желтоқсандағы N 2738 Заң күшi бар Жарлықтарын орындау үшiн:
"Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168 Жарлығына сәйкес құрылған және қайта ұйымдастырылған орталық атқарушы органдарды заңда белгiленген мерзiмде тiркеудi (қайта тiркеу) жүргiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi орталық атқарушы органдарды, олардың аумақтық бөлiмшелерiн және басқа да олардың ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаларды тiркеу (қайта тiркеу) туралы ақпараттарды 1996 жылғы 20 желтоқсанға және 1997 жылғы 1 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырсын.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Есiмовке жүктелсiн.
Премьер-Министр
Полная версия