1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 01.07.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 маусым N 647
Индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау процестерiн үйлестiрудi, орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Ережеге сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы және кейiнгi кезеңдерге арналған индикативтiк жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
3. Ұлттық компаниялар:
1) үстiмiздегi жылдың 15 маусымына дейiн 2002 жылға арналған Даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзудi;
2) бұрын бекiтiлген 2002 жылға арналған даму жоспарларын Ережеге сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 432 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 жыл, N 17, 170-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ЕРЕЖЕСI
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын (бұдан әрi - индикативтiк жоспарлар), ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеу ұғымын және әдiснамалық негiздерiн, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялардың оларды қалыптастыру жөнiндегi өзара іс-қимылының тетiгiн белгiлейдi.
2. Индикативтiк жоспар:
ел экономикасының сыртқы және iшкi факторларға байланысты таяудағы үш жылдағы даму қарқынын негiздейтiн;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың экономиканың жеке меншiк және мемлекеттiк секторларын дамыту және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Бағдарламасына сәйкес жоспарланатын кезеңде Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуi үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi iс-қимылдарын айқындайтын;
әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттiк реттеуiштерiнiң көрсеткiштерi (индикаторлары) мен тiзбесiн қамтитын құжат болып табылады.
3. Индикативтiк жоспардың мақсатты параметрлерi ретiнде экономиканың серпiнiн, құрылымын және тиiмдiлiгiн сипаттайтын әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi (индикаторлары) пайдаланылады.
Полная версия