«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.02.2016
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.09.2015 жылғы № 713 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiліп отырған Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 қаулысымен бекiтiлген
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу – осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемін шектемей дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен, өткізумен (халыққа дәрілік заттарды өткізуді қоспағанда) жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу – осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен, (әкетуден басқа), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы – қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушының қолдануына дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу объектілері (бұдан әрі – көтерме саудада өткізу объектілері) – дәріхана қоймасы, дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы;
6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу объектілері (бұдан әрі – бөлшек саудада өткізу объектілері) – алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана, дәріхана пункті, шалғайдағы елді мекендерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені және оптика дүкені.
3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензияны және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талонды немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонды алған субъектілер жүзеге асырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2013 жылғы № 15 Қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды; 3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2013 жылғы № 1297 Қаулысымен (21.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензияны және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талонды немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонды алған субъектілер жүзеге асырады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2013 жылғы № 15 Қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды; 4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2013 жылғы № 1297 Қаулысымен (21.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия