Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1312 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 9 қарашадағы
 № 1312 қаулысымен
 бекітілген
Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидалары
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы » 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы » 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімінің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың (бұдан әрі – есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар) айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтiң барлық түрлерiн Заңның 19 және 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті лицензия алғаннан кейiн жеке меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектiлер мен үй-жайларды пайдалануға рұқсатты есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган бередi.
Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес техникалық нығайтылу талаптарына, санитарлық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік шарттарына сәйкес болған жағдайда объектілер мен үй-жайларды есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында пайдалануға жол беріледі.
4. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлар үш топқа бөлінеді:
1) бірінші топ – есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өндіруші кәсіпорындар, дәріханалар, сынақ зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары, көтерме сауда кәсіпорындары, есірткі құралдары, психотроптық заттар айналымы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;
2) екінші топ – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау жөніндегі объектілер;
3) үшінші топ – прекурсорларды өндіруші және/немесе көтерме сауданы жүзеге асырушы, сондай-ақ оларды өзінің өндірістік қызметінде пайдаланатын кәсіпорындар.
5. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды жоспарлау:
1) қолда бар есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардан дайындалған өнiмнің сақталуын;
2) технологиялық байланысқан үй-жайлар арасындағы қысқа арақашықтығы бар үдерістің ағынын;
Полная версия
ИС BestProfi