Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы N 228-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5095 болып енгізілді.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі бекітілсін.
2. Электр энергиясының орталықтандырылған саудасы нарығының операторы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жеткізушілер мен тұтынушыларға бөле отырып сатылған (сатып алынған) электр энергиясының көлемін, бағасын, жеткізу кезеңін көрсетіп болған сауда-саттықтың нәтижелері туралы ақпаратты  есептіден кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде ай сайын ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін: 
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Энергетика және минералдық         ресурстар министрі 
Қазақстан Республикасы Табиғи
 монополияларды реттеу агенттігі
 төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы
 N 228-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында электр энергиясының
 орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және
 оның жұмыс істеу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Орталықтандырылған сауда-саттықтарды ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
3. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысушылар арасында туындайтын қатынастарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және осы Ереже реттейді.
4. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
Полная версия
ИС BestProfi