Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығы
Құжат мәтініндегі "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығында"сөздері заң күшi бар Жарлығында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында" сөздерімен ауыстырылды ҚР Президентiнiң 21.04.2005 жылғы № 1556 Жарлығы бойынша (11.11.1996 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жарлығының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.07.2021 жылғы № 620 Жарлығына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қаулы етемiн:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 21.04.2005. № 1556 жарлығымен. (11.11.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.01.2023 жылғы № 109 Жарлығына сәйкес (10.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 21 желтоқсандағы N 1469 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 48, 579-құжат);
"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 22 ақпандағы N 2856 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 38-құжат).
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 21.04.2005 жылғы № 1556 Жарлығымен (11.11.1996 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 31.08.2006 жылғы № 171 Жарлығымен (21.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 13.11.2007 жылғы № 436 Жарлығымен (31.08.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 13.01.2010 жылғы № 916 Жарлығымен (13.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 12.02.2013 жылғы № 501 Жарлығымен (13.01.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік органы болып табылады, Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді.
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Комиссия, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. Комиссияның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес (26.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.01.2023 жылғы № 109 Жарлығына сәйкес (10.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)