1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.07.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2154.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 24.12.2010 347-НҚ бұйрығымен (25.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Энергетика секторын реттеу жөніндегі департаменті (С.П.Григорьева) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17 бұйрығымен бекітілген
Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық
Барлық мәтін бойынша "іске қосылған активтердің коэффициенті" сөздер "активтердің іске қосылғандық коэффициенті" сөздермен ауыстырылды барлық мәтін бойынша "акционерлік " сөздер "меншік" сөзбен ауыстырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы № 70-НҚ бұйрығымен.(меншік)
Су шаруашылығы және канализациялық жүйелерге және (немесе) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда ставкаларын (таза табысты) есептеудің тәртібі туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Нұсқаулық "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы ", "Электр энергетикасы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
кіріспе өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 24.12.2010 347-НҚ бұйрығымен (25.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Нұсқаулық су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйе қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің және тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу және бекіту кезінде ескерілетін энергетика секторының табиғи монополия субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) құрамына кіретін пайданың (таза табыстың) қол жетімді деңгейін есептеу тәртібін тәптіштейді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылдыҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 13.02.2004 № 70-НҚ, 24.12.2010 347-НҚ (23.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрықтарымен.(ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Нұсқаулық су шаруашылығы мен канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі - Субъект) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін табиғи монополия субъектілерін тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы (таза табысты) негізді есептеу және алу мүмкіндігі мақсатында енгізіледі.
4. Осы Нұсқаулық табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру кезінде қолданылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылдыҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 13.02.2004 № 70-НҚ, 24.12.2010 347-НҚ (23.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрықтарымен.(ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия