Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдері жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасы қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 03.01.2015
Қазақстан Республикасы банктерiнiң құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 178 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 маусымда N 1150 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 199 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.11.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы банктерiнiң құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргiзу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы банктерiнiң құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы банкiлерiнiң құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына жiберiп, оларға осы қаулыны және Ереженi екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi мiндеттесiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерiмен операциялар жүргiзу ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", " Ақша төлемі мен аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және iскерлiк айналым рәсiмдерiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы банктерiнiң құжаттамалық аккредитивтерiмен операциялар жасау тәртiбiн реттейдi.
кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 138 қаулысымен.
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1. Құжаттамалық аккредитив (бұдан әрi - аккредитив) - банк клиенттiң өтiнiшi мен нұсқаулығына сәйкес қабылдаған немесе өз қалауы бойынша белгiлi бiр бенефициарға төлем жасауы немесе оның бұйрығы бойынша акцепт жасауы және бенифициар ұсынған аударым вексельдерiне төлем жасауы немесе егер аккредитивтiң барлық шарттары сақталмаса, белгiленген мерзiмiне қарай аккредитивте көзделген құжаттарды саудалау (негоцияция) жөнiнде банк мiндеттемесi көзделген құжаттамалық есеп айырысу нысаны.
Аккредитив деп сатып алу-сату шартынан немесе басқа да шарттан ерекшеленген, соларға негiзделетiн мәмiленi айтады.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
Авизо жасаушы банк - бенефициарға эмитент банк өз тарапынан мiндеттеме алмай-ақ аккредитивтi және/немесе оған өзгерiстi беруге уәкiлеттiк берген банк.
Трассат банк - аударым векселiнде төлеушi ретiнде көрсетiлген банк.
Эмитент банк - аккредитивке бұйрық берушiнiң өтiнiшiне сәйкес және оның талаптарына сәйкес аккредитивтi орындау жөнiнде мiндеттеме қабылдаған аккредитив ашатын банк.
Тұрақты аккредитив - банк пен бенефициарды растайтын эмитент банктiң келiсiмiнсiз өзгерте алмайтын немесе күшiн жоя алмайтын аккредитив.
Полная версия