Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2016
Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес
«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 264 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Iшкi сауда ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметiнiң
 2005 жылғы 21 сәуiрдегi
 N 371 қаулысымен
 бекiтiлген
1. Осы Iшкі сауда ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңына  сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында iшкi сауда қызметiн жүзеге асырудың тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының арнайы  заңнамалық  кесiмдерімен  реттелетін тауарлардың жекелеген түрлерiнiң айналымы жөніндегi қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) автодүкен - сауда жабдығымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы; 
2) тауардың түр-түрі - қандай болмасын бiр немесе жиынтық белгiлер бойынша бiрiктiрiлген тауарлар жиыны; 
3) iшкі сауда (ішкі сауда қызметі) - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметі; 
4) көшпелi сауда - мамандандырылған немесе сауда үшін арнайы жабдықталған көлiк құралдарын, сондай-ақ тек көлік құралымен жиынтықта қолданылатын ұтқыр жабдықты пайдалана отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн бөлшек сауда желiсiнен тыс жүзеге асырылатын бөлшек сауда; 
5) жылжымалы сөре - арнайы белгіленген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны; 
6) тауар сапасы - тауардың тұтынушылық сипаттарының жиынтығы; 
7) дүңгiршек - арнайы бөлінген жер учаскесiне орнатылатын, сауда залы болмайтын, сауда жабдығымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс; 
Полная версия
ИС BestProfi