Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2012
"Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанында көмек көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 793 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 06 қаңтардағы № 18 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 ақпанда № 6773 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.06.2012 жылғы № 394 Бұйрығына сәйкес
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 793 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5950 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 20 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің         міндетін атқарушы                          Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің м.а.
 2011 жылғы 06 қаңтардағы
 № 18 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің м.а.
 2009 жылғы 26 қарашадағы
 № 793 бұйрығымен бекітілген
Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек және медициналық көмек көрсету ережелері
1. Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек және медициналық көмек көрсетудің осы Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық көмектің түрлерін көрсетудің тәртібін анықтайды.
2. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
3. Санитариялық авиация (бұдан әрі - санавиация) – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
4. ЖМК көрсетілетін патологиялық жағдайлар:
уақтылы медициналық жәрдем көрсетілмеген жағдайда өлімге алып келуі мүмкін, өмірге тікелей қауіпі бар;
өмірге тікелей қаупі жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген уақытта басталуы мүмкін;
өмірге қаупі жоқ, бірақ емдеу консультациясы және түзетуі қажет;
Полная версия
ИС BestProfi