1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2010 жылғы № 6 бюллетенінде жарияланған, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 08.12.2020
"Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 55 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 ақпанда № 7426 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 желтоқаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-205/2020 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штататтары мен штат нормативтерінде:
§ 8 мынадай редакцияда жазылсын:
«§ 8. Трансфузиология бөлімшесінің (кабинетінің) штат нормативтері
80. Персоналдың лауазымы осы Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 4-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдарда жүзеге асырылатын жылдық қан компоненттерінің транзфузиясы (құю) мөлшерінен белгіленеді.
81. Трансфузиология бөлімшесі (кабинеті) қан компоненттерін пайдаланатын барлық медициналық ұйымдарда ұйымдастырылады.
81-1. Трансфузиология бөлімшесі (кабинетінің) штат бірлігінің саны қан және оның компоненттеріне аутологиялық дайындауды енгізу және ренфузия жүргізу есебінен ұлғаюы мүмкін. Аутоқанның және оның компоненттерінің бір жыл ішінде дайындалған әрбір 100 дозасына қосымша 1 трансфузиолог-дәрігер, мейірбике, кіші медицина қызметкер лауазымы енгізіледі.»;
«544. Жылына қанды және оның компоненттері донация мөлшеріне байланысты қан орталықтардың 4 санатқа бөлінеді:
1-санат - жылына 20000 астам донация;
2-санат - жылына 15000-нан 20000-ға дейінгі донация;
3-санат - жылына 10000-нан 15000-ға дейін донация;
4-санат - жылына 5000-нан 10000-ға дейін донация.
Қан орталықтарының (бұдан әрі - ҚО) штат кестесі санаттарға сәйкес айқындалады.»;
«545. Плазманы фракциялау әдісімен қан препараттарына қайта өңдеумен айналысатын ҚО қайта өңдеу көлеміне қатысты қосымша штаттар белгіленеді. Донор қанының өнімдері мыналардан тұрады:
1) донор қанының емдік мақсатқа жарамды компоненттері (өндірудің, бақылаудың сатыларынан өткен және емдеу желісіне беру үшін өнімдерді беру бөлімшесіне немесе экспедицияға берілген дайын өнім);
Полная версия