Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 1132 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
«Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.07.2015 жылғы № 4-5/603 Бұйрығын қараңыз
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 26 қарашадағы
 N 1132 қаулысымен
 бекітілген
Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесі
1. Осы мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысымен (18.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - қор немесе қорлар); 
қатысу шарты - қор мен мақта өңдеу ұйымының арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысады; 
кепілдік берілген мақта көлемі - қайтару жөніндегі жауапкершілікке қор кепілдік беретін, қор әрбір қатысушы бойынша белгілейтін мақта көлемі; 
мақта өңдеу ұйымының паспорттық қуаттылығы - шитті мақтаны қайта өңдеудің тәуліктік және жылдық көлемін сипаттайтын техникалық құжаттар; 
қатысушы – қормен жасалған және қолданылып жүрген қатысу шарты бар мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы.
2. Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
3. Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы қорға (қорларға) қатысу үшiн қорға (қорларға) жазбаша өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды қоса бередi:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 613 Қаулысымен (26.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді 18.07.2011 жылғы № 820 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.09.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысымен (18.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) мақта өңдеу ұйымын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысымен (18.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
2) мақта өңдеу ұйымы жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
3) құрылтайшылардың құрамы туралы құрылтай шартынан үзіндінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе қорға өтініш беретін күнге дейін кемінде он күн бұрын тіркеуші берген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзіндінің түпнұсқасы; 
4) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 613 Қаулысымен (26.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
5) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысымен (18.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) мақта өңдеу ұйымының біліктілік талаптарына сәйкестігі және шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға әзірлігі мәніне жыл сайынғы тексеріс туралы жергілікті атқарушы орган актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
7) мақта тазалау зауытына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған түскен ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген нысан бойынша анықтамасының түпнұсқасы; 
8) өткен жылғы және соңғы есепті күнге бухгалтерлік теңгерімнің және қаржы-шаруашылық қызмет туралы есептің мақта өңдеу ұйымының мөрімен куәландырылған көшірмелері; 
9) мақта өңдеу ұйымының өткен есепті жылғы жылдық қаржылық есептілігінің дұрыстығын растайтын аудиторлық қорытындының нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
10) мақта өңдеу ұйымы өтініш берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге банк алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы банк мөрі басылған бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы. Егер мақта өңдеу ұйымы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда бұл анықтама осы банктердің әрқайсысынан ұсынылады; 
11) өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам мақта өңдеу ұйымының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, осы салық органының мөрімен расталған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
11-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1363 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
12) қатысу шартының көшірмесі және кепілдік берілген мақтаның көлемі туралы мәліметтер (егер мақта өңдеу ұйымы басқа мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беретін қорлардың қатысушысы болса); 
13) кепілдік берілген мақта көлемін анықтау үшін қорға қажетті өзге де құжаттар.
4. Қор (қорлар) өтінішті және осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін осы қорға қатысушылардың құрамына енгізу және кепілдік берілген мақтаның көлемін анықтау мәніне мақта өңдеу ұйымының өтінішін қарайды. 
Мақта өңдеу ұйымының өтінішін қордың қарау мерзімі жиырма күнтізбелік күннен аспауы керек.
5. Мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы мақта өңдеу ұйымын қорға қатысушылардың қатарына қосу туралы қордың шешімдеріне сәйкес жасалған қатысу шарттарының негізінде жүзеге асырылады. 
Қордың қатысушымен қатысу шартын жасасу мерзімі мақта өңдеу ұйымын қорға қатысушылардың қатарына қосу туралы қордың шешімі қабылданғаннан кейін жеті күнтізбелік күннен аспайды.
6. Мақта өңдеу ұйымын қорға қатысушылардың қатарына қосқан кезде қор мақта өңдеу ұйымының паспорттық қуаттылығын, нақты толтырылған көлемін, басқа қор (қорлар) кепілдік берген мақтаның көлемі туралы мәліметтерді ескере отырып (мақта өңдеу ұйымы басқа да қорларға қатысқан жағдайда) анықталатын кепілдік берілген мақтаның көлемін белгілейді.
7. Мақта өңдеу ұйымының қорға қатысуы қатысушының қор беретін куәлігімен расталады. 
Қатысушының атауы өзгерген жағдайда қатысушыдан лицензияның қайта тіркелуін және қайта ресімделуін растайтын құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы куәлікті ауыстыру жүргізіледі. 
Мақта өңдеу ұйымын қорға қатысушылардың құрамынан шығарған жағдайда мақта өңдеу ұйымы өзіне берілген куәлікті үш жұмыс күні ішінде қорға қайтарады.
8. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу үшін қатысушы қорға (қорларға) қатысу шартымен белгіленетін жыл сайынғы міндетті жарналарды төлейді.
9. Қор өзінің қатысушыларының тізілімін жүргізеді және кепілдік берілген мақтаның көлемін көрсете отырып, қатысушылар туралы ақпараттың республикалық мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жыл сайынғы жариялануын қамтамасыз етеді.
10. Қатысушының қорға (қорларға) қатысуы төменде санамаланған жағдайлардың біреуі болғанда тоқтатылады: 
қормен жасалған қатысу шарты бұзылғанда; 
қатысу шартының тараптарының бірі жойылғанда. 
Мақта өңдеу ұйымының қорға қатысуы тоқтатылған күннен бастап 30 күн ішінде қор тиісті ақпараттың республикалық мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi