Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
Есеп саясатын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі N 444 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6505 болып енгізілді       
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 02.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдістемесі департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.02.2025 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (08.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 444 бұйрығымен бекітілген
Есеп саясаты
Есеп саясат өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 21.09.2012 жылғы № 433 Бұйрығымен (07.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
Есеп саясат өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.06.2014 жылғы № 275 Бұйрығымен (01.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Есеп саясат өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 619 Бұйрығымен (16.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 26.12.2015 жылы тіркелді
Есеп саясат өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 10.02.2016 жылғы № 59 Бұйрығымен (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 16.03.2016 жылы тіркелді
Есеп саясат өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 13.01.2017 жылғы № 15 Бұйрығымен (10.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Есеп саясат жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2021 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (13.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепке алу қағидалары) сәйкес әзірленген.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1342 Бұйрығына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Есеп саясаты мемлекеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда және ұсынғанда қолданылатын, барлық мемлекеттік мекемелерге бірыңғай болып табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.
2-тарау. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жасаудың принциптері мен негізгі сапалық сипаттамасы
3. Есептеу және қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есептілігін жасаудың принциптері болып табылады.
4. Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі.
5. Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді.
6. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімді ұсыну, салыстырмалылық, уақтылылық және тексерушілік болып табылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.02.2025 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (08.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түсініктілік – қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті.
Орындылық – ақпарат шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін орынды болып табылады және оларға оқиғаларды бағалауға, олардың өткен бағаларын растауға немесе түзетуге көмектеседі.
Сенімді ұсыну – экономикалық немесе басқа құбылысты сенімді түрде білдіретін, мәміленің мәнін, басқа оқиғаны, қызметті немесе жағдайды көрсететін ақпарат, олардың құқықтық формасына әрдайым сәйкес келмейді.
Полная версия
ИС BestProfi