1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Внимание! Документ утратил силу с 06.06.1997
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 2 шiлде 1992 ж. N 575. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.06. N 934 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қорғаныс комитетiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi етiп қайта құру туралы" 1992 жылғы 7 мамырдағы N 738 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
2.
#$2-тармақтың күшi жойылды - ҚРМК-нiң 12.01.1993. № 30
қаулысымен.
3.
#$3-тармақтың күшi жойылды - ҚРМК-нiң 26.01.1993. № 65
қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне Министрдiң 9 орынбасары, оның iшiнде 3 бiрiнші орынбасар және 19 адамнан құралатын алқасы болуына рұқсат етiлсiн.
5. Қорғаныс министрлiгiнiң аппаратын орналастыру бұрынғы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң үйiнде және Тимирязев көшесiндегi 48, Байзақов көшесiндегi 300, Правда көшесiндегi (10040 әскерлер бөлiмiнiң басқармасы) үйлерде жүзеге асырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне қажеттi материалдық-техникалық ресурстар бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
7. Республикалық валюта комитетi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн жыл сайын валюта қаржысы бөлiнуiн көздейтiн болсын.
8. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігi мен Ұлттық хауiпсiздiгi комитетi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша қажеттi мөлшерде байланыс арналарын, сондай-ақ телефон, телекс және телефакс оның iшiнде үкiметтiк, халықаралық байланыс құралдарын бөлсiн.
9. Қарулы күштер жөнiнде Қазақстан Республикасының нормативтi актiлерi қабылданғанға дейiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне көзделген ақшалай үлес, әлеуметтiк-хұқылық қорғау жөнiндегi жеңiлдiктер мен басқа да жеңiлдiктер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қызметшiлерiне сақталсын.
Тәуелсiз мемлекеттер Достастығы Бiрiккен Қарулы Күштерi қызметкерлерiнiң тиiстi категорияларына көзделген еңбекке ақы төлеу шарттары Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының жұмысшылары мен қызметшiлерiне қолданылсын.
10. Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы құрылсын.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне штабтар мен
азаматтық қорғаныс бөлiмдерi әскери қызметшiлерiнiң мiндеттi әскери
қызметтi өткеру мәселелерiн шешу хұқы берiлсiн.
Азаматтық қорғаныс штабы аппаратын қаржыландыру республикалық
бюджет есебiнен жүзеге асырылсын.
11. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР Мемлекеттiк
Қорғаныс комитетiн құру туралы" 1991 жылғы 20 қарашадағы N 712
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 2 шiлдедегi
N 575 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi аппаратының
лауазымды адамдары мен қызметкерлерi жалақыларының
С Х Е М А С Ы
Министр 7000
Министрдiң бiрiншi орынбасарлары 6500
Министрдiң орынбасарлары 6000
Штаб бастығының бiрiншi орынбасары 5800
Басқармалар бастықтары 5500
Басқармалар бастықтарының орынбасарлары,
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
ТМД Бiрiккен Қарулы Күштерiндегi өкiлдерi 5300
Бөлiм және қызмет бастықтары, кеңесшiлер 4500-5000
Әскери алқаның хатшысы 4800
Бөлiм және қызмет бастықтарының орынбасарлары 4200-4500
Бөлiмше, топ және бағыт бастықтары 3900-4200
Кеңсе бастығы, әскери цензура бастығы 3600-3900
Аға офицер 3600-3900
Офицер 3200-3600
Қорғаныс министрiнiң аға адъютанты 3600
Әскери автоинспекция бастығы 3400
Комендант, адъютант, инспектор, дәрiгерлiк
пункт бастығы, ақпарат және бақылау бөлiмiнiң
бастығы, оркестр қызметiнiң бастығы 3200
Әскери алқа хатшысының орынбасары 4000
Бас маман 3400-3700
Жетекшi маман 2900-3200
I категориялы маман 2500-2700
II категориялы маман 2200-2500
Маман 1800-2100
Архив, кеңсе, iс жүргiзу, аптека меңгерушiлерi 1600-2000
Мәшине бюросының меңгерушiсi 1400-1800
Аға инспектор 1400-1800
Қойма, шаруашылық, экспедиция меңгерушiлерi,
инспектор, кассир 1200-1600
Комендант, үйлердi бақылаушы-техник 1200-1400
I категориялы мәшинесшi 1200-1400
II категориялы мәшинесшi 1100-1300
Iс жүргiзушi, архивариус 1100-1200
Экспедитор 1000- 1100
Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының жұмысшылары
мен қызметшiлерiне ерекше жұмыс режимi үшiн лауазымдық жалақысынан
30 процентке дейiнгi мөлшерде үстемеақы төленедi. Ерекше жұмыс режимi
мен үстемеақы мөлшерiн басшы белгiлейдi.
Сыйлық және материалдық көмек төлеудi есептеу кезiнде айлық
лауазымды жалақы аталған үстемеақыны ескерiп анықталады.
Мамандарға категория беру хұқы басшыға берiлген.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 2 шiлдедегi
N 575 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы
Е Р Е Ж Е
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн (1) басқаратын орган болып табылады.
Полная версия

