Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.10.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 Қаулысы
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізін қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 30 маусымдағы
 N 552 қаулысымен
 бекітілген
Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес туралы ереже
Осы Ереже Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін айқындайды.
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 
2. Кеңес отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады. 
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 
4. Кеңестің қызметі елдің экономикасын әртараптандыруға және ырықтандыруға, оның шикізаттық бағытын жеңуге, адами капитал мен техникалық инфрақұрылымды дамытуға кедергі келтіретін түйінді проблемаларды жеңіп шығу мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге, сондай-ақ көрсетілген салаларда ұлттық (жалпымемлекеттік) саясат жүргізу жөнінде нақты ұсынымдар дайындауға бағытталған. 
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды. 
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi