Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстани Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1163 Қаулысына сәйкес (02.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.04.2017 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылдың 5 мамырынан бастап ҚР Үкіметінің 20.04.2018 жылғы № 208 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1163 Қаулысына сәйкес (02.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.04.2017 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 маусымдағы
 № 618 қаулысымен
 бекітілген
Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары
Қағиданың өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1163 Қаулысына сәйкес (02.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Қағида жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.04.2017 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
1. Осы Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – электрондық аукцион барысында қалыптасатын лот бағасы;
2) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
3) борышкер – өзінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкі Салық кодексіне сәйкес кепілге салынған немесе салық берешегін, кеден төлемдері мен салықтар, өсімпұл бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі – МКО) шешімі бойынша мүлкіне билік етуі шектелген жеке немесе заңды тұлға;
4) кепілдік жарна – борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукционға қатысуға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға енгізген ақшалай сома;
5) компания – салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті орган айқындаған уәкілетті заңды тұлға;
6) лот – бір немесе бірнеше бірдей және (немесе) біртекті заттардан тұратын борышкердің мүлкі не бөлінуі заттардың шаруашылық мақсатының (функцияларының) өзгеруіне әкеп соқтыратын заттар кешені;
7) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;
8) сату бағасы – электрондық аукцион нәтижесінде белгіленген, мүліктің бағалау құнының 65 пайызынан кем болмауға тиіс лоттың түпкілікті бағасы;
Полная версия
ИС BestProfi